Түркістан облысының уран өндіретін кенттерінде елеусіз қалған ластану
Қазақстан әлемдегі ірі уран өндіруші, бұл металдан негізінен ядролық реакторларға отын жасалады. Елдегі өндіруші жобалардың басым бөлігі Қазақстандағы кедей өңірдің бірі — Түркістан облысының Созақ ауданында орналасқан. Созақ ауданы Түркістаннан шалғайда орналасқан дейді жергілікті тұрғындар — маң дала мен Қаратау жоталарын кесіп өтіп, екі сағаттай жол жүру керек. Бірақ жергілікті тұрғындар географиялық орналасуы мен қаладан жүздеген шақырым қашық жатуын емес, билік пен медицина мамандарының назарынан тыс қалып жатқанын меңзесе керек. Алмас Қайсар, Паоло Сорбелло және Ольга Логинова («Власть»), Александр Брутелл (EIF), Томас Барт, Алмас Қайсардың фотосуреттері. Бұл зерттеуді Journalismfund Europe ұйымы ішінара қаржыландырды. Read this article in English . Cet article est disponible en français ( Reporterre.net ). Читайте этот материал на русском . Түйткілдер: Қазақстандағы уран өндіретін негізгі өңірдің ауыз суында уранның және басқа да элементтердің мөлшері шекті көрсеткіштің орта мәнінен асады. Бұл облыс тұрғындарына зиянын тигізуі мүмкін. Билік тау-кен өндіру кәсіпорындарының жұмысына мониторингті сирек жүргізеді. Негізінен компания берген есепке сүйенеді. Экология заңын бұзып, айыппұл алған тау-кен өндіру компаниялары бұл шешімді инвестиция дауы деп қарастыруды талап етті. Ақырында шешім солардың пайдасына шықты. Компаниялар да, билік те қоғамға экологиялық есепті көрсеткен емес. Жергілікті медицина мекемелерінде уран өндірудің адам денсаулығына кері әсерін мұқият талдау жүргізуге қажетті жабдық та, өкілеттік те жоқ.
1 источник
Түркістан облысының уран өндіретін кенттерінде елеусіз қалған ластану



