Өлтіруді заңдастыру
Мәжіліс 2024 жылы-ақ иесіз жануарларды өлтіруді қарастыратын заңға түзету енгізу ісін бастаған болатын, бірақ Президент әкімшілігі қолдамай , құжатты жетілдіруге кері қайтарған еді. Арада екі жыл өтсе де, депутаттар қаңғыбас жануарлар санының артуын шешуді қолға алмаған. Бұл аздай, жануарларды аулау орнында міндетті түрде ұстау мерзімін қысқартып, кейін олардың көзін жоюды көздеп отыр. Бұдан бөлек, азаматтарға енді заңды негізде жануардан бас тартып, оны уақытша ұстау орнына тапсыруға рұқсат беру, сондай-ақ ауланған жануарларға бюджет есебінен екпе салуды алып тастау қайта ұсынылуда. Бұл «бөлінген бюджет қаражатын ұтымды пайдалануға және мемлекетке түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді» дейді. Сонымен қатар, атқарушы органдардың құзыретіне «қаңғыбас және қараусыз қалған жануарлардың агрессиясы, олардың отарларға жиналуы жағдайларына аулау қызметін тарта отырып, шұғыл ден қою шаралары» қосылады. Мәжіліс 8 сәуірде түзетулерді қабылдап қойды , енді Сенаттың мақұлдауы мен Президенттің қол қоюы қалды. Апта бойы қазақстандықтар Президент әкімшілігіне белсенді түрде өтініштер жолдап, түзетулерге қарсы қол жинауда , бірақ бұл балама платформада жүріп жатыр. Өткен жылы ресми ресурста түзетулерге қарсы петиция қабылданбай қалған болатын. Ал зооқорғаушылар заң жобасын кері қайтарып , оны қайта қарастыруды талап етуде. «Власть» басылымы ветеринарлармен және зооқорғаушылармен тілдесті. Олар Қазақстанда АСВБ ( аулау – стерильдеу – вакциналау – босату) бағдарламасының неліктен толық енгізілмегенін және ұсынылып отырған түзетулердің иесіз жануарлар санының азаюына не себепті әсер етпейтінін түсіндіреді.
1 источник
Өлтіруді заңдастыру


